Жаңалықтар

15 қараша 2025 ж. ұлттық валюта күніне орай ғылыми кітапхана және бизнес, басқару және туризм БББ – ның аға оқытушы Мустафина Айгул Салыховнамен бірігіп ұйымдастыруымен «Теңге-тәуелсіздік тірегі» атты іс-шара болып өтті. Шараға «Экономика және Менеджмент», «Қаржы» Білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері қатысты.

Шара «Біздің валюта» тақырыбында бейнебаянды тамашалаудан басталды. Шара барысында ЭиМ-21, Ф-21 тобының студенттері А. А Лазарова, А. Н, Ждан Б. М, Жүсіпбергенова, Ш. Ө. Нұрсейт, А. А. Құжантай ұлттық теңгенің айналымға ену тарихы, Қазақстанның теңгесі қай жерде басылғаны, валюталық нарық және теңге бағамы, теңге туралы фактілер, дүниежүзілік валюта жүйесін ұйымдастыру , ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысып жан-жақты айтып берді. Сонымен бірге студенттер ұлттық валюта – теңге жөнінде түйінді ой-пікірлерін ортаға салды. Аға оқытушы Айгул Салыховна төл теңгеміздің тарихы туралы ақпараттарымен бөлісті.

Шара соңында кітапханашы А.Д. Нұрсафина студенттерге ризашылығын білдіріп, «Теңге-тәуелсіздік тірегі» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, әдебиеттермен таныстырды.