Жаңалықтар

2 қараша күні Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми кітапханасы бірігіп, «Библио тур» жобасы аясында Томас Манның 150 жылдығына арналған «Томас Манның сиқырлы сөзі» атты әдеби кеш өткізді.

Шара барысында Т.Манның «Волшебная гора» атты туындысы негізінде сахналық көрініс қойылып, жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян ұсынылды.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінің «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Шунайбекова Клжиян Мендыгалиқызы дайындаған сахналық қойылымға студенттер белсене қатысып, іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Сондай-ақ «Томас Манның сиқырлы сөзі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға Орал қаласындағы аймақтық өкілдік, Қазақстандық немістер бірлестігі қоғамдық қорының өкілдері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі мен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.