Дәріс дұрыс тамақтанудың негіздеріне, макро- және микронутриенттерге тәуліктік қажеттілікке және олардың денсаулықты сақтаудағы рөліне арналды. Тамақтану мінез-құлқының ерекшеліктері, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және аумақтық факторлардың тамақтануға әсері қарастырылды. Тиімсіз тамақтанудың салдары және тамақтану бұзылыстарының алдын алу мен түзетудің жеке және қоғамдық деңгейдегі шаралары талданды.
Соңынан, қонағымызды М.Өтемісов Университеті Ғылыми Кітапхана сирек кітаптарымен таныстырдық


