"Ғылымды дәріптеу" жобасы аясында ғылыми кітапхана қабырғасында тарих ғылымдарының докторы, профессор, "2024 жылдың үздік оқытушысы" Нұрғалиева Агила Мұстахимқызымен кездесу өтті. Агила Мұстахимқызы Нұрғалиева К. Д. Ушинский атындадағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих, қоғамтану және ағылшын тілі мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1982 жылы ҚазССР ҒА Ч.Валиханов атындағы тарих институтында ғылым кандидаты дəрежесіндегі диссертация қорғаса, 2010 жылы «Қазақ қоғамы тарихы мен мəдениетіндегі ислам» (XVIII-XX басы) деген проблема бойынша ғылым докторы дəрежесіндегі диссертация қорғап, бүгін 120-ға тарта мақалалар мен монографияларды жариялаған, соның ішінде ағылшын тілінде, отандық тарихнамада өзіндік қолтаңбасы бар ірі ғалымға айналды. Ғылыми зерттеулер қазақ қоғамының мәдени өзіндік сәйкестендіру ерекшеліктерін және мемлекеттің дін саясатының мәселелерін сипаттау үшін әртүрлі концептуалды теорияларды, категориялар мен концепцияларды қолданудың жемістілігін дәлелдеді. Әдістемелік жұмыстар автордың сипатталған оқыту әдістемесінің жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Кездесу барысында Ағила Мұстахымқызы өзі, жеке кітапханасы, ғылыми жетістіктері туралы әңгімелеп, шетелдік журналдарда ғылыми мақалалар жариялау тәжірибесімен бөлісті. Кездесу қызықты да мазмұнды өтті, жас ұстаздар, магистранттар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Кеш соңында алғыс білдірген студенттер мен магистранттар, ғылыми кітапхана ұжымы гүл шоқтарын ұсынды.









