Жаңалықтар

Жастарды кітап оқуға тарту арқылы студенттердің тұлғалық дамуына, ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету, белсенді оқырмандарды анықтап, ынталандыру мақсатында Ғылыми кітапхана жыл сайын «Жыл оқырманы» байқауын өткізуді дәстүрге айналдырды.Мақсаты: кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, студент жастарды оқуға тарту, студенттер арасынан үздік оқырмандарды айқындау. Эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, жан-жақты білімді оқырмандар санатын қалыптастыру. Осы орайда «Жыл оқырманы – 2025» байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға әр факультет студенттері мен профессор - оқытушылар құрамы қатысты. Кеш қонақтары «Жыл оқырманы - 2024» номинациясын жеңіп алған университет түлегі Санат Аманбек және «Белсенді оқырман - 2024», «Ізденімпаз оқырман - 2024 » номинациясын жеңіп алған жеңімпаздар универсиет студенттері Талғатов Минтемир, Халиматова Альбина қатысты. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сулейменов Мерген Қуанышұлы студент жастарды кітап оқуға, кітапханамен тығыз байланыста және кітаппен дос болуға шақырды. 

«Жыл оқырманы - 2025» байқауының «Белсенді оқырман – 2025» номинациясын жеңіп алған математика- физика факультетінің БББ 3- курс студенті Илиясова Гулжибек, «Ізденімпаз оқырман - 2025»  номинациясын Филология факультетінің ҚТӘ -41 топ студенті Зұлқарнаева Салтанат, «Өнерпаз оқырман - 2024» номинациясын Мәдениет және өнер факультетінің Мектепке дейінгі көркем еңбек және дизайн БББ 4 курс студенті Жұмагелдиев Жарқын жеңіп алды. 

Әр оқырман өзінің ізгі тілектерін білдіріп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын әсерлі айтып өтті. Кеш барысында студенттердің кітап оқуға деген қызығушылықтары белсенді болды. Шара барысында ғылыми кітапхана директоры Тоты Еркінқызы оқырмандарға жылы лебізін білдіріп , марапат иелерін құттықтады. Кешіміздің ең басты «Жыл оқырманы - 2025» номинациясын Махамбет үздіктері марапаттау шарасында анықтап, бірге асыға білетін боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!