Жаңалықтар

05 ақпан 2026ж. Ғылыми кітапхана және Мектепке дейінгі білім беру До-11,  Бастауыш білім беру (НО-11), Қазақ тілі мен әдебиеті (ІР) 11/3, Шет тілі: екі шет тілі Ия – 39 топ студенттерімен  бірігіп ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай  «Жырлайды жүрек» атты  әдеби сазды кеш ұйымдастырылды.

Әдеби сазды кештің мақсаты:  ақынның артына айрықша өшпейтін із қалдырған өмірі мен шығармашылығын насихаттау. Кеш мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев жайлы дайындалған шағын бейнежазбамен басталды.

Профессор Рита Бекжанқызы ақынның өміржолы мен шығармашылығына кеңірек тоқталып, келешек ұрпаққа берер мол мұрасын айтып өтті. Әрмен қарай ақынның ҚТӘ (ІР) 11/3 топ студенті Г. Ислямова «Пай-пай өмір»,  Ж.Салимова «Өкінбеймін» , ҚТӘ (ІР)-21 топ студенті  Ұ.Орынғали «Көзің нұрсыз дейсің сен...», Бастауыш білім беру БББ-11 топ студенті А. Махсотова «Үш бақытым», А. Аманжолова «Болады деп арманда...», Юр -11 тобы  Советұлы Абдрахман,  «Ей өмір», Жақып тегі Ернар ҚТӘ (IP) -11(3) «Көшеде»,  Ж.Асқаров «Не келіп, не кетпеген бұл ғаламнан» , А.Рақымғали НО - 11 «Ана сен бақыттысың» өлеңдерін әсерлі нақышына келтіре мәнерлеп оқыды.  Сонымен бірге ақын сөзіне жазылған  “Күрең күз”, “Сенің көзің”, “ Бақыт дегенің... ”  атты әндерін вокалдық өнер БББ 1 курс студенті А. Байдәулетов әдемі қоңыр дауысымен шырқады.

Кеш соңында  «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты кітап көрмесіне кітапханашы Кайдарова Жансауле библиографиялық шолу жүргізді.

Шараға әр факультет студенттері мен оқытушылар  Ф.Ерболатқызы, Г.Тлепбергенова, Д. Навекова мен кітапханашылар қатысты.  Ақын поэзиясын басқа бірде – бір ақынның туындыларымен шатастыру мүмкін емес.

Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түседі. «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан - жылға, ғасырдан - ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір! Ол – біздер үшін өшпес те өлмес асыл мұра, қасиетті қазына.